Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатының қола жүлдесіне қол жеткізді
Бүгін топтық кезеңнің соңғы матчы өтті.
icehockey
Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы IB дивизионында өткен әлем чемпионатында 5 матчтан кейін 7 ұпаймен үшінші орынға ие болды.
Команда шешуші ойында Ұлыбританиядан 1:3 есебімен ұтылды. Бірақ, бұған дейін Испания мен Оңтүстік Кореяны жеңіп, Латвияға қарсы матчта 1 ұпай иеленген болатын.
Ұлыбритания - Қазақстан - 3:1 (1:0, 2:1, 0:0)
1:0 - 01:52 - Андерсон Смит Г.Б
2:0 - 21:33 - Маллен (Джексон)
3:0 - 21:59 - Андерсон Смит (Ньюлендтер)
3:1 - 36:40 - Оразбаева (Шегай, Тұрсынова)
Осылайша, Қазақстан құрамасы өткен жылмен салыстырғанда бір сатыға көтеріліп, үшінші орын алды. Нидерланды құрамасы бес матчтан кейін 13 ұпай жинап, бір дивизион жоғарылады.
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы
Insports.kz
Жазылу