2027 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында Қазақстан әйелдер құрамасы Беларусьті жеңді
Матч Грузияда өтті.
ҚФФ
Гори қаласындағы Тенгиз Бурджанадзе атындағы стадионда Қазақстан құрамасы 1:0 есебімен Беларусь құрамасын жеңді. Матчтағы жалғыз голды 84-минутта Қазына Норбаева соқты.
Бұл жеңіс қазақстандық футболшыларға 6 ұпай жинауға мүмкіндік берді. Қазақстан құрамасы көш бастап тұрған Беларусьпен ұпай саны тең болып, топта екінші орында тұр.
А лигасындағы төрт топтың жеңімпаздары Бразилиядағы финалдық турнирге тікелей жолдама алады. Жыл соңында 32 команда плей-офф кезеңіне шығады.
Келесі ойынын командамыз 5 маусым күні сырт алаңда Армения құрамасына қарсы өткізеді.
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы
Insports.kz
Жазылу