Ризабек Айтмұхан RAF 08 турнирінде Кайл Снайдерге жол берді

Әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан мен Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Кайл Снайдер арасында жекпе-жек өте тартысты өтті.

Ризабек Айтмұхан RAF 08 турнирінде Кайл Снайдерге жол берді Кайрат Конуспаев

Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан АҚШ-тың Филадельфия қаласында өткен RAF 08 турнирінде өнер көрсетті. Отандасымыз бұл жолы әлемге танымал америкалық балуан Кайл Снайдермен белдесті.

Кездесу өте тартысты өтті. Айтмұхан алғашқы кезеңде айқын басымдық танытып, 6:0 есебімен алға шыққан болатын. Алайда тәжірибелі Снайдер қарқынын үдетіп, таразы басын өз пайдасына аударды. Нәтижесінде америкалық балуан 12:6 есебімен жеңіске жетіп, RAF лигасының жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық атағын қорғап қалды.
Бұл белдесу Айтмұхан үшін маңызды тәжірибе болды. Әлемнің үздік балуандарымен күш сынасу оның шеберлігін шыңдап, алдағы жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетуіне жол ашары сөзсіз.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу