Елордалық XDS Astana Team командасының велошабандозы «Хайнань турында» жеңіске жетті
«Хайнань туры» XDS Astana Team үшін табысты аяқталды.
XDS Astana Team
Қытайдың Санья қаласында өткен көпкүндік «Хайнань туры» веложарысы өз мәресіне жетті. Соңғы кезең жаппай спринтпен аяқталып, жалпы есепте өзгеріс орын алған жоқ.
Осылайша, XDS Astana Team командасының велошабандозы Томас Сильва жарыстың қорытынды жеңімпазы атанды. Ол бұған дейінгі кезеңдердің бірінде жеңіске жетіп, жалпы есепте көш бастаған еді және сол басымдығын соңына дейін сақтап қалды.
Жарыстан кейін Сильва командалық жұмыстың жоғары деңгейде болғанын атап өтті. Оның айтуынша, апта бойы команда бір мақсатқа жұмылып, нәтижесінде маңызды жеңіске қол жеткізген.
Айта кетейік, команданың тағы бір велошабандозы Николя Винокуров жалпы есепте алтыншы орынға табан тіреп, жарыстың үздік азиялық велошабандозына берілетін көк жейдені жеңіп алды.