Аңсар Ниетқалиев Гуанчжоуда өткен ITF J60 турнирінде жеңіске жетті

Финалдық кездесуде отандасымыз қытайлық теннисшіні жеңді.

Аңсар Ниетқалиев Гуанчжоуда өткен ITF J60 турнирінде жеңіске жетті ktf.kz

15 жастағы Аңсар Ниетқалиев Қытайдың Гуанчжоу қаласында өткен ITF World Tennis Tour Juniors (J60) халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды.

Финалдық кездесуде отандасымыз жергілікті қытайлық теннисшімен шеберлік байқасты. Тартысқа толы матчта Аңсар ойын тізгінін өз қолында ұстап, шешуші сәттерде басымдық танытты. Нәтижесінде 7:5, 6:3 есебімен сенімді жеңіске жетіп, турнирдің бас жүлдесін иеленді.

Сондай-ақ Аңсар Түркістанда 30 наурыз - 4 сәуір аралғыныда  18 жасқа дейінгі спортшылар арасында алғаш рет ұйымдастырылған «ITF J30 Turkistan» халықаралық турнирінде де жеңіске жеткен болатын.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы ол Еуропалық теннис қауымдастығының «Жылдың үздік шетел ойыншысы» (ЕО елдерінен тыс) марапатына да ие болған. 

Жас қазақстандық теннисші алдағы уақытта Ухань қаласында өтетін J100 санатындағы турнирде бақ сынауды жоспарлап отыр.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу