Ақмарал Ерекешева Әлем кубогының қола медалін жеңіп алды
17-19 сәуір аралығында Бакуде әлем кубогының үшінші кезеңі өтуде.
olympic.kz
Әзербайжан астанасы Баку қаласында өткен көркем гимнастикадан әлем кубогының үшінші кезеңі қазақстандық жанкүйерлер үшін жағымды жаңалықпен аяқталды. Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева ересектер додасында алғаш рет өнер көрсетіп, бірден жүлдегерлер қатарына енді.
Таспа жаттығуында қазақстандық гимнаст жоғары деңгейдегі қарсыластармен бәсекеге түсіп, 27.000 ұпай жинап, қола медальға ие болды. Бұл сында Олимпиада чемпионы Дарья Варфоломеева (28.800) алтын алса, Италия өкілі София Раффаэли (28.500) күміс медальға қол жеткізді.
Сонымен қатар, көпсайыс қорытындысы бойынша Ақмарал Ерекешева үздік ондыққа енді.
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы
Insports.kz
Жазылу