Ерлік Сертай Гран-приде күміс жүлдегер атанды

Турнир 17-19 сәуір аралығында Будапештте өтті.

Ерлік Сертай Гран-приде күміс жүлдегер атанды kazfencing

Венгрия астанасы Будапешт қаласында өткен семсерлесуден Гран-при турнирінде әлемнің 350-ден астам үздік спортшысы бас қосты. Осы ірі додада Қазақстан құрамасының өкілі Ерлік Сертай күміс медаль иеленді.

Бұл нәтиже қазақстандық спортшы үшін ерекше жетістік. Ол өз мансабында алғаш рет осындай деңгейдегі беделді турнирде жүлдегерлер қатарына қосылып, халықаралық аренада өз мүмкіндігін толық дәлелдей алды.

Сертай жарысты іріктеу кезеңінен сенімді бастап, бірде-бір қарсыласына есе жібермей, турнирдің негізгі кезеңіне тікелей жолдама алды. 

Жарыс барысында қазақстандық спортшы Оңтүстік Корея өкілі Нам Ёнходан 15:6, кейін Венгрияның тәжірибелі спортшысы Левенте Бутадан 13:12 есебімен басым түсті. Әсіресе, әлем чемпионы әрі Олимпиада чемпионы Гергелий Сиклошиге қарсы өткен кездесу тартысты өтті - 15:12.

Одан кейін ол чехиялық Якуб Юрканы сенімді түрде ұтып, жартылай финалда швейцариялық Иан Хауриден айласын асырды - 15:12. 

Алтын жүлде сарапқа салынған финалда Ерлік Сертай алаң қожайыны, Олимпиада чемпионы Давид Нагиге қарсы шықты. Тартысты өткен кездесуде қазақстандық спортшы қарсыласына жол беріп, күміс медаль иеленді. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу