Кирилл Герасименко өнер көрсететін «Вердер» Германия чемпионатының жартылай финалына шықты

Қазақстандық үстел теннисінің шебері Кирилл Герасименко Германия Бундеслигасында өнер көрсетеді.

Кирилл Герасименко өнер көрсететін «Вердер» Германия чемпионатының жартылай финалына шықты ашық дереккөзден

Кирилл Герасименко Германия чемпионатының соңғы турында сәтті ойын көрсетті. Бремендік «Вердер» «ТТС Фульда-Маберцелль» ұжымын 3:0 есебімен айқын жеңіп, турнирлік кестеде екінші орынға тұрақтады.

Енді «Вердер» командасы маусымның шешуші кезеңінде жүлде үшін таласады. Осы нәтижесінің арқасында олар плей-офф кезеңіне, яғни «төрттік финалға» жолдама алды. Жартылай финалдық кездесулер 30 мамыр күні Франкфурт қаласында өтеді. Бұл кезеңде бремендік клуб FC Saarbrücken TT командасымен кездеседі.

Екінші жартылай финалда «Боруссия Дюссельдорф» пен «TTC Schwalbe Bergneustadt» өзара мықтыны анықтайды.

Финалдық матч 31 мамырда Франкфурт қаласында өтеді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу