Астанада Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді

Жарыс жеңімпаздары 1-орынға 1000, 2-орынға 700, 3-орынға 500 рейтингтік ұпай алады.

Астанада Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді akorda

Астана қаласы халықаралық дзюдо күнтізбесіндегі ең беделді жарыстардың бірі - Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін қабылдайды. Бұл дода әлемдік деңгейдегі спортшыларды бір аренаға жинап, Олимпиада рейтингтік ұпайларын сарапқа салатын маңызды турнир. 

Жарыс 8-10 мамыр күндері дәстүр бойынша Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы кешенінде ұйымдастырылады.

Бұл Grand Slam кезеңі тек жекелеген медальдар үшін емес, сонымен қатар 2028 жылы Лос-Анджелес қаласында өтетін Олимпиада ойындарына жолдама беретін рейтингтік ұпайлар үшін де ерекше маңызға ие.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылы Қазақстан дзюдо құрамасы аталмыш жарыста 3 күміс және 6 қола медаль иеленіп, жалпы есепте 9-орынды қанағат тұтты. Медальдық есепте IJF құрамасы 3 алтын, 2 күміс медальмен 1-орынға ие болса, екінші орынға Оңтүстік Корея (3 алтын), ал үшінші орынға Жапония (2 алтын, 4 күміс, 1 қола) жайғасты.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу