Назым Қызайбай Әлем кубогын жеңіспен бастады

Бүгін Назым Қызайбай жаңа салмақта жұдырықтасты.

Назым Қызайбай Әлем кубогын жеңіспен бастады ҚР ҰОК

Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан әлем кубогының бірінші кезеңінде Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 3 дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай алғашқы жекпе-жегінде Түркия өкілі Айсен Таскиненнен 4:1 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, Назым бүгін 54 келіде сынға түсті. 1/8 финалда ол Польша өкілімен жұдырық түйістіреді. 

Сондай-ақ бүгін Дәулет Төлемісов Бразилия өкілі Филхо Исаяспен жұдырықтасады. Ал, Жансері Көшербаев Ирландия спортшысы Джуд Галахерге қарсы рингке шығады.

Кешкі сессия 01:00-де жалғасады. Онда Диас Молжігітов жапониялық Кай Ториабемен, ал Фарух Тоқтасынов Ұлыбритания өкілі Джон Макконелмен кездеседі. 

Ал, 1/8 финалдық бәсекелер 22-сәуір күні өтеді. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу