Назым Қызайбай Әлем кубогындағы жеңілістен кейін пікір білдірді
Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында бокстан Әлем кубогы өтуде.
olympic.kz
Әлем кубогының алғашқы кезеңінде қазақстандық былғары қолғап шебері Назым Қызайбай 1/8 финал кезеңінде жарысты аяқтады.
54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жекте Назым Польша өкілі Виктория Рогалиньскамен кездесті. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті 4:1 есебімен поляк спортшысына берді. Осылайша Рогалиньска ширек финалға жолдама алды.
Кездесуден кейін Назым Қызайбай әлеуметтік желіде пікір білдірді. Ол қысқаша ғана жазба қалдырды:
«Сөз жоқ. Әркім өзіне керегін көреді. Мен жұмысымды жалғастырамын…» - деді боксшы Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Назым Қызайбай 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, үш дүркін әлем чемпионы (2014, 2016, 2025) және 2021 жылғы Азия чемпионы.
Фос-ду-Игуасудағы Әлем кубогы 20-26 сәуір аралығында өтуде. Турнирге 50 ұлттық федерациядан 400-ге жуық боксшы қатысуда. Қазақстан құрамасы бұл додада 16 спортшымен (9 ер, 7 әйел) өнер көрсетуде.