Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы элиталық дивизионға шыға алмады

Бүгін Қазақстан құрамасы Швейцарияға минималды есеппен жол берді.

Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы элиталық дивизионға шыға алмады icehockey

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының І дивизионы, А тобындағы шешуші матчта Қазақстан құрамасы Швейцарияға жол беріп, элиталық дивизионға шығу мүмкіндігінен айырылды.
Кездесу тағдыры алғашқы кезеңде шешілді. Швейцариялық хоккейшілер бірден қарқын қосып, бірінші кезеңде-ақ қатарынан үш шайба соқты. Қазақстандықтар тек бір голмен жауап беріп, үзіліске 1:3 есебімен кетті. Кейінгі екі кезеңде отандастарымыз шабуылды үдетіп, есеп айырмасын қысқартқанымен, таразы басын теңестіре алмады - 2:3.

Осылайша, төрт матчтан кейін 12 ұпай жинаған Швейцария турнир кестесінде жеке-дара көш бастап, жоғары дивизионға жолдама алды. Ал Қазақстан құрамасы 9 ұпаймен екінші орынға тұрақтап, элитаға шығу мүмкіндігін уысынан шығарып алды. 
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық жасөспірімдер Венгрияны 5:2, Польшаны 10:2 және Украинаны 5:3 есебімен жеңген болатын.

Енді Максим Худяков шәкірттері турнирдегі соңғы ойынын 24 сәуір күні Словенияға қарсы өткізеді. Топтағы соңғы орын алған команда төменгі дивизионға түседі.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу