Ламин Ямаль жарақатына байланысты әлем чемпионатына қатыса алмауы мүмкін
Ямальдың соққан голы "Барселонаға" Испания чемпионатында қатарынан сегізінші матчта жеңіске жетуге көмектесті.
championat
Испания чемпионатының 33-туры аясында "Барселона" мен "Сельта" арасындағы кездесуде Ламин Ямаль бірінші таймның соңына қарай алаңнан кетуге мәжбүр болды. Ол 39-минутта пенальти орындап, командасына жеңіс сыйлаған жалғыз голды соқты (1:0). Бұл жеңіс «Барселонаға» турнир кестесіндегі көшбасшылығын нығайтуға мүмкіндік берді. Қазір каталондықтар екінші орында тұрған «Реалдан» 9 ұпайға алда келеді.
Алайда голдан кейін 18 жастағы вингер дәрігерлермен сөйлесті. Көп ұзамай бас бапкер Ханси Флик Ямальді алмастырып, оның орнына Руни Барджиды шығарды.
Матчтан кейінгі тексерулер жас футболшының сол жақ санының артқы бұлшықетінде зақым бар екенін көрсетті. Клубтың ресми мәліметінше, қалпына келу мерзімі шамамен 4-6 аптаға созылады. Осылайша Ямаль маусымның қалған ойындарын, соның ішінде 10 мамыр күні "Реал Мадрид" клубына қарсы өтетін «эль-класиконы» өткізіп алады.
Айта кетейік, әлем біріншілігі 11-маусым мен 19-шілде аралығында өтеді. Ямальдың жарақатының қалпына келу мерзімін ескерсек, жас футболшы турнирдің алғашқы матчтарын өткізіп алуы әбден мүмкін.