Қарсыласын үш рет нокдаунға түсірген Аида Әбікеева Әлем кубогының ширек финалына шықты

Бұрымды боксшымыз 1/8 финалда 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Қарсыласын үш рет нокдаунға түсірген Аида Әбікеева Әлем кубогының ширек финалына шықты gov.kz

Қазақстандық боксшы Аида Әбікеева Бразилияда өтіп жатқан Әлем кубогын сәтті бастады. 65 келі салмақта өнер көрсететін екі дүркін әлем чемпионы 1/8 финалда Чехия өкілі Виктория Жилковамен қолғап түйістірді.

Жекпе-жек барысында отандасымыз жоғары деңгейдегі шеберлігін паш етті. Әбікеева тек сауатты қорғанып қана қоймай, әрбір соққысын дәл әрі есеппен бағыттап отырды. Оның айқын басымдығын төрешілер де мойындап, нәтижесінде қазақстандық спортшы 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Енді Аида ширек финалда бүгін, 24 сәуір күні марокколық Доуа Заккимен жұдырықтасады. 

Айта кетейік, бүгін Қазақстан құрамасының өзге де боксшылары шаршы алаңға шығады. Күндізгі сессияда (19:00) Виктория Графеева, Фарух Тоқтасынов және Сұлтанбек Айбарұлы өнер көрсетсе, кешкі сессияда (1:00) жанкүйерлер Диас Молжігітов, Алуа Балқыбекова, Даниял Сәбит және Санжарәлі Бегалиев жекпе-жектерін тамашалай алады

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу