Жібек Құламбаева Қытайдағы ITF W50 турнирінің финалында өнер көрсетеді

Қазақстандық теннисші жұптық сында өнер көрсетуде.

Жібек Құламбаева Қытайдағы ITF W50 турнирінің финалында өнер көрсетеді ktf.kz

Қазақстан құрамасының теннисшісі Жібек Құламбаева ресейлік Екатерина Рейнгольдпен бірге 20-26 сәуір аралығында Қытайда өтіп жатқан ITF W50 Баотоу турнирі аясында сәтті өнер көрсетіп, финалға жолдама алды.

Жартылай финалда қазақстандық-ресейлік жұп Қытай өкілі Жангсу Хан мен америкалық Эми Жу дуэтіне қарсы ойнады. 1 сағат 8 минутқа созылған кездесуде Құламбаева мен Рейнгольд сенімді ойын өрнегін көрсетті.

Матч барысында олар үш эйс жасап, төрт қос қателікке жол берді. Сонымен қатар доп беруінде тек бір геймді ғана ұтылып, қарсыластың бес геймін брейкпен алды. Нәтижесінде кездесу 7:5, 6:1 есебімен аяқталып, қазақстандық-ресейлік жұп айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Олардың финалдағы қарсыластары 1/2 финалдың тағы бір жұбында анықталады. Онда Дилетта Черубини мен Ченги Юань қытайлық Мэйки Го және Цзин-Цзин Лумен кездеседі.

Айта кетейік, турнирдің жүлде қоры 40000 АҚШ долларын құрайды. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу