УЕФА инспекторы «Қайсар Аренаға» оң баға берді

Егер ареналар талаптарға толық сай деп танылса, Қазақстанда халықаралық деңгейдегі ойындарды өткізуге жаңа мүмкіндік ашылмақ.

УЕФА инспекторы «Қайсар Аренаға» оң баға берді ҚР Туризм және спорт министрлігі

УЕФА-ның стадиондар жөніндегі инспекторы Қызылорда қаласына жасаған жұмыс сапарын аяқтап, «Қайсар Арена» стадионының жағдайымен танысты.

Инспекция барысында УЕФА өкілі аренаның инфрақұрылымын жан-жақты қарап шықты. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы мәлімдеді. Әсіресе, стадионның халықаралық талаптарға, соның ішінде УЕФА-ның инфрақұрылым регламентіне сәйкестігіне ерекше назар аударылды. Тексеру аясында негізгі нысандар, қызмет көрсету аймақтары мен техникалық мүмкіндіктер толық бағаланды.

Сапар қорытындысы бойынша инспектор «Қайсар Арена» сапасының жоғары деңгейде екенін атап өтті. Сонымен қатар жобаның қысқа мерзім ішінде жүзеге асырылғаны да оң бағасын алды. Жалпы алғанда, Қызылордадағы арена алдын ала жақсы қорытындыға ие болды.

«Спартак» стадионы (Семей қаласы) және «Қайсар Аренаға» санат беру туралы түпкілікті шешімді УЕФА толық есепті жан-жақты талдағаннан кейін қабылдайды. 

Айта кетейік, «Қайсар Арена» стадионы 2025 жылы пайдалануға берілді. Бұл - жалпы аумағы 30,3 мың шаршы метрді құрайтын, үш қабатты және 11 мың көрерменге арналған заманауи спорт нысаны және «Қайсар» футбол клубының алаңы. Клуб бұған дейін жекешелендіру аясында кәсіпкер Исламғали Қозбақовтың басқаруына өткен болатын.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу