“Ордабасы” сырт алаңда “Қызылжарды” жеңді
3 ұпай еншілеген “Ордабасы” ҚПЛ-да көш бастады.
"Ордабасы" ФК
Қазақстан Премьер-лигасының жетінші турында шымкенттік “Ордабасы” сырт алаңда “Қызылжармен” кездесіп, тартысты матчта 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Ойынның алғашқы бөлігінде қонақтар белсенді әрекет етті. 34-минутта есеп ашылып, “Қызылжар” қорғаушысы Демият Сламбеков абайсызда допты өз қақпасына бағыттап, автогол тіркелді. Осылайша, бірінші тайм шымкенттіктердің пайдасына аяқталды.
Екінші таймда алаң иелері қарымта қайтарды. Бас бапкер Милич Чурчичтің шәкірттері есепті теңестіріп, Эдгард Бугре мергендігімен көзге түсті. Дегенмен, матчтың шешуші сәтінде Қазақстан құрамасының ойыншысы Эльхан Астанов айып алаңы сыртынан дәл соққы жасап, командасына жеңіс сыйлады - 2:1.
Бұл жеңіс шымкенттік клубқа 7 турдан кейін 15 ұпай жинап, Қазақстан Премьер-лигасының турнир кестесінде көш бастауға мүмкіндік берді.