Александр Бублик Madrid Open турнирінің 1/8 финалына шықты

Турнирдің жүлде қоры 8 235 540 еуроны құрайды.

Александр Бублик Madrid Open турнирінің 1/8 финалына шықты hkto.mens

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Испания астанасында өтіп жатқан Madrid Open турнирінде жұптық сында сәтті өнер көрсетуде.

Бублик аустралиялық Марк Полманспен бірге алғашқы айналымда бразилиялық жұп - Орландо Луж пен Рафаэль Матосты жеңді. Үш сетке созылған тартысты матч 6:3, 6:7 (4:7), 10:6 есебімен аяқталды.

Енді қазақстандық-аустралиялық дуэт ширек финал жолдамасы үшін турнирдің бесінші нөмірлі жұбы - Марсело Аревало мен Мате Павичке қарсы кортқа шығады.

Айта кетейік, Александр Бублик бұған дейін жекелей сында жарысты ерте аяқтаған болатын. Ол алғашқы айналымда грек теннисшісі Стефанос Циципасқа жол берді. Екі сетке созылған кездесу 6:2, 7:5 есебімен Циципастың пайдасына аяқталды. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу