«Қайрат» пен «Елімай» тартысты ойында тең тарқасты
Алматылық ұжым кездесудің басты фавориті болғанымен, «Елімай» ерледі.
kazfootball
Қазақстан Премьер-лигасының жетінші турында «Қайрат» пен «Елімай» 2:2 есебімен тең түсті. Алматыда өткен кездесуде қонақтар ойынның 12-минутында алға шықты. Алаң иелерінің қорғаныстағы қателігін тиімді пайдаланған Фессу Плакка есеп ашты.
Бірінші таймда және екінші таймның басында «Қайрат» есепті теңестіре алмай, біраз уақыт қиналды. Тек 61-минутта финляндиялық легионер Ойва Юккола жылдам шабуылды сәтті аяқтап, таразы басын теңестірді - 1:1. Арада үш минут өткенде алаңға қосалқы құрамнан шыққан Эдмилсон қарсылас қақпашысы Владимир Стойкович жіберген қателікті пайдаланып, «Қайратты» алға шығарды - 2:1.
Алайда матчтың соңғы минуттарында семейлік команда таразы басын теңестіріп кетті. 90-минутта Арсен Аширбек гол соғып, «Елімайды» жеңілістен құтқарды.
Осы нәтижеден кейін «Қайрат» 15 ұпай жинап, «Ордабасы клубымен бірге турнир кестесінде көш бастап тұр. Ал «Елімай» 13 ұпаймен үшінші орында келеді.