Елена Рыбакина Madrid Open турнирінің 1/8 финалына жолдама алды
Елена Рыбакина - Мадридтегі турнирдің басты фавориті.
championat
Әлемнің екінші ракеткасы Madrid Open турнирінің үшінші айналымында қытайлық Чжэн Циньвэньмен кездесіп, үш сетке созылған матчта жеңіске жетті - 4:6, 6:4, 6:3. Ойын барысында Рыбакина екінші партияда брейкпен артта қалып, алайда жылдам қарқын алып, камбэк жасай білді. Матч бойы қарсыласының негізгі әлсіз тұсы - доп беру болды. Чжэн тоғыз рет қос қателікке жол берді.
Айта кетейік, Рыбакина турнирдің екінші айналымында румыниялық Елена-Габриэла Русені жеңген еді - 4:6, 6:3, 7:5.
Енді 1/8 финалда қазақстандық теннисші Анастасия Потапова мен Елена Остапенко арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Айта кету керек, Рыбакина бұған дейін Мадридтегі турнирде финалға дейін жеткен емес. Оның ең үздік нәтижесі - 2024 жылғы жартылай финал.
Биылғы жарыстың жалпы жүлде қоры 8 235 540 еуроны құрайды. Ал жеңімпаз 1 007 165 еуро мен 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.