Италия футболында төрешілерге қатысты жанжал туындады

Төрешілер ісі бойынша Джанлука Роккиге қатысты тергеу басталды.

Италия футболында төрешілерге қатысты жанжал туындады ашық дереккөзден

Милан прокуратурасы 2024 жылдың 8 қаңтарында өткен «Интер» - «Верона» матчын тексеріп жатыр. Тергеу бұрынғы төрешілер корпусының басшысы Джанлука Роккиге қатысты күдікке байланысты жүргізілуде.
Матчтағы негізгі даулы сәтте «Интер» қорғаушысы Алессандро Бастони қарсылас ойыншыға шынтағымен соққы жасаған. Бірақ төреші VAR жүйесі арқылы эпизодты қайта қарамаған. Сол эпизодтан кейін «Интер» матчтағы жалғыз голды соғып, жеңіске жеткен.  
Прокуратура Роккидің кейбір шешімдерге ықпал етуі мүмкін екенін тексеріп жатыр. Сондай-ақ оған «басқа адамдармен келісіп, белгілі бір арбитрлерді матчтарға тағайындаған» деген күдік тағылуда.

Тергеушілер VAR жүйесінің қолданылуы дұрыс болды ма, әлде әдейі еленбей қалды ма деген сұраққа жауап іздеуде.
Италия футболында бұған дейін де төрешілерге қатысты үлкен даулар болған. Ең әйгілі оқиға - 2006 жылғы «Кальчополи» жанжалы. Сол кезде «Ювентус» клубы төменгі дивизионға түсіріліп, бірнеше титулынан айырылған болатын.
Қазіргі таңда Милан прокуратурасы барлық материалдарды, соның ішінде VAR жазбаларын және төрешілердің шешімдерін зерттеп жатыр. 

Егер айыптаулар расталатын болса, «Интер» клубы 2023/2024 жылғы Италия чемпионатының алтын медальдарынан айырылуы мүмкін және 2024 жылғы Италия Суперкубогындағы жеңісі де жойылады. Сондай-ақ регламент бойынша клубқа ұпай шегеру немесе тіпті оны жоғарғы дивизионнан толық шығару жазасы қолданылуы мүмкін. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу