Фьюри мен Джошуа арасында тарихи айқас өтеді

Бұл ақпаратты The Ring журналисі Майк Коппинджер растап отыр.

Фьюри мен Джошуа арасында тарихи айқас өтеді sport.rambler

Бұрынғы әлем чемпиондары Тайсон Фьюри мен Энтони Джошуа арасында жекпе-жек өткізу жөнінде келісімге қол жеткізілді.

Кездесу 2026 жылдың төртінші тоқсанына жоспарланған. Алайда нақты күні әзірге белгісіз. Бұл жекпе-жектің уақыты Джошуаның шілде айындағы айқасынан кейін нақты белгілі болады. 

25 шілде күні Джошуа Эр-Риядта албаниялық Кристиан Пренгамен жұдырықтасады. Пренга кәсіби мансабында 20 жеңіске жеткен (барлығы мерзімінен бұрын). Бірақ, әлі де болса ірі қарсыластармен кездеспеген.

Айта кетейік, The Ring журналисі Майк Коппинджердің мәліметінше, жекпе-жектің келісімшартына қол қойылған. Инсайдердің айтуынша, бұл келісімге келуде Сауд Арабиясының Ойын-сауық істері жөніндегі бас басқармасының төрағасы Турки Әл аш-Шейхтің үлесі зор.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу