Еуропа алпауыттарының текетіресі: Бүгін «ПСЖ» мен «Бавария» кездеседі

Мюнхендіктер Парк-де-Пренс стадионында чемпиондыққа тағы бір қадам жасай ала ма? Басты сұрақ осы.

Еуропа алпауыттарының текетіресі: Бүгін «ПСЖ» мен «Бавария» кездеседі championat

Бүгін, 28 сәуірден 29 сәуірге қараған түні, Париж қаласында Чемпиондар лигасының алғашқы жартылай финалдық матчы өтеді. Бұл кездесуде «Пари Сен-Жермен» өз алаңында мюнхендік «Бавария» командасын қабылдайды. Париждік клуб Еуропаның ең мықты командасы ретіндегі атағын қорғауды жалғастырып жатыр.

Өткен маусымдағыдай, «ПСЖ» биыл да жартылай финалға дейін жетіп, АПЛ өкілдерін жолдан тайдырды. Алайда бұл жолы француздарды мүлде басқа деңгейдегі қарсылас күтіп тұр. Статистикаға сүйенсек, «Бавария» соңғы 10 жеке кездесудің 8-інде жеңіске жеткен. 

ПСЖ жартылай финалға тамаша формада келіп отыр. Бапкерлік штаб ойыншыларға түсетін жүктемені дұрыс бөліп, сапаны да, Лигадағы ұпайларды да жоғалтқан жоқ. Соңғы турларда «Нант» (3:0) пен «Анже» (3:0) париждіктерге айтарлықтай қарсылық көрсете алмады.

Чемпиондар лигасында да «ПСЖ» ағылшын клубтарына еш мүмкіндік қалдырмады. «Челси» мен «Ливерпуль» екі кездесуден жеңіліп, жалпы есеп 12:2 болды. Бұл матчтарда қақпашы Матвей Сафонов ерекше көзге түсіп, қатарынан үш «құрғақ» ойын өткізді. 

Венсан Компани жаттықтыратын «Бавария» да керемет маусым өткізуде. Команда Германия кубогының финалына шығып, Бундеслига чемпионы атанды және гол саны бойынша рекорд жаңартты. Сәуір айындағы барлық матчтарда мюнхендіктер жеңіске жетіп, кемінде үш голдан соқты. «Фрайбург» (3:2) пен «Майнц» (4:3) клубтарына қарсы ойындарда керемет камбэк жасады.

Чемпиондар лигасында да немістердің нәтижесі өте жоғары. «Бавария» турнирдегі 12 матчтың 11-інде жеңіске жетіп, әр ойында орта есеппен 3-тен астам гол соғуда. Ширек финалда Реал Мадрид командасымен өткен қарымта кездесуде (4:3) жанкүйерлер біраз алаңдағанымен, тағы бір камбэк «Баварияға» жеңіс әкелді. Сондықтан ойынның нақты фаворитін анықтау мүмкін емес. Қос команда да бабында. 

Айта кетейік, кездесу Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады. Матчтың тікелей эфирін Qazsport телеарнасынан тамашалауға болады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу