Жағажайдағы Азия ойындарында Ришат Хайбуллин қола медаль иеленді
Қазақстан құрамасы жағажайдағы Азия ойындарында командалық есепте 7-орынға жайғасты.
olympic.kz
Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан VI Азия жағажай ойындарында қазақстандық спортшы Ришат Хайбуллин ел қоржынына кезекті медальді салды. Ол спорттық құзға өрмелеудің жылдамдық түрінде 4,81 секунд нәтиже көрсетті.
Осылайша, Қазақстан құрамасының жалпы медаль саны алтыға жетті. Қазіргі таңда отандық спортшылар еншісінде бір алтын, бір күміс және төрт қола жүлде бар.
Айта кету керек, Азия жағажай ойындары - алдағы ірі халықаралық додаларға дайындықтың маңызды кезеңі. Бұл жарыс күзде Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындары алдындағы спортшылардың бабын байқауға мүмкіндік береді.
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы
Insports.kz
Жазылу