Астанадағы Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылардың есімдері белгілі болды
8-10 мамыр күндері Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында дзюдодан әлемдік деңгейдегі Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді.
olympic.kz
Qazaqstan Barysy Grand Slam турниріне әлемнің 39 елінен 300-ден астам спортшы қатысады.
Халықаралық жарыста Қазақстан ұлттық құрамасы толық құраммен сынға түседі. Ел намысын ерлер мен әйелдер арасында бірқатар тәжірибелі дзюдошылар қорғайды.
Бұл жарыс дзюдошылар үшін әлемдік және Олимпиадалық рейтингтік ұпай жинауға мүмкіндік береді. Жеңімпазға 1000 ұпай, күміс жүлдегерге 700 ұпай, ал қола иегерлеріне 500 ұпай беріледі.
Ерлер құрамасы:
-60 кг: Шерзод Давлатов, Талғат Орынбасар, Мағжан Шамшадин, Сұңғат Нұрлатұлы
-66 кг: Ғұсман Қырғызбаев, Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов, Бауыржан Нарбаев
-73 кг: Есет Қуанов, Ансарбек Ғайнуллин, Ерсұлтан Дүйсенхан, Ануар Жумагелдин
-81 кг: Досхан Жолжақсынов, Мәди Амангелді, Жалғас Қайролла, Ерзат Арғынов
-90 кг: Айдар Арапов, Айбол Нысанәлі, Барақ Арқабай, Ақжол Дүйсенбаев
-100 кг: Марат Байкамұров, Нұрлықан Шархан, Бақжан Байтас, Асқар Биржанов
+100 кг: Жәнтiлек Нұртілеуұлы, Санжар Жабборов, Ғалымжан Қырықбай, Еламан Ерғалиев
Әйелдер құрамасы:
-48 кг: Аяна Дүйсенбай, Диана Бүркеева, Іңкар Құралбай, Тасним Әбдуәлі
-52 кг: Меруерт Сәрсенова, Айшабибі Мурадимова, Аружан Ережепова, Фатима Сұпығалиева
-57 кг: Дана Әбдірова, Бақыт Құсақбаева, Карина Қаракенова, Дина Мұханбет
-63 кг: Самалай Ерғалиева, Эсмигүл Қуюлова, Дәмеля Асылханова, Асылжан Орынбасарова
-70 кг: Ажар Асхат, Мөлдір Нарынова
-78 кг: Аруна Жангелдина, Шынар Абатова, Екатерина Токарева
+78 кг: Әкерке Рамазанова, Аида Тойшыбекова, Камила Берліқаш, Назгүл Маратова
Айта кетейік, Қазақстан дзюдо федерациясы 2023 жылы Халықаралық дзюдо федерациясымен (IJF) елімізде Grand Slam кезеңін өткізу жөнінде төрт жылдық келісім жасаған болатын. Осы келісім аясында биылғы турнир Қазақстандағы соңғы кезең.