Капитан соққан гол Қазақстан құрамасына Словенияға қарсы жолдастық кездесуде жеңіс әкелді

Бұл ойын 2026 жылғы әлем чемпионатына дайындық аясында ұйымдастырылды.

Капитан соққан гол Қазақстан құрамасына Словенияға қарсы жолдастық кездесуде жеңіс әкелді icehockey

Хоккейден Қазақстан құрамасы Польшаның Тыхы қаласында Словения құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткізіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Кездесу барысында есепті Словения құрамасы ашты. 35-минутта Марк Север Май Кренкичтің нәтижелі пасынан кейін мергендік танытты. Алайда бірінші кезең аяқталмай тұрып, Қазақстан құрамасы есепті теңестірді. 39-минутта Дмитрий Бреус Всеволод Логвиннің пасын тиімді пайдаланып, шайбаны қақпаға енгізді.

Ойынның шешуші кезеңінде Қазақстан құрамасы басымдыққа ие болды. 58-минутта команда капитаны Роман Старченко Аркадий Шестаковтың нәтижелі пасынан кейін жеңіс шайбасын соғып, матчтың нүктесін қойды - 2:1.

Айта кетейік, Словения құрамасы өткен маусымда элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалған және биылғы маусымда әлем чемпионатының элиталық деңгейінде өнер көрсетуді жалғастырады.
Ал, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында IА дивизионында өнер көрсетеді. Турнир 2-8 мамыр аралығында Польша Республикасының Сосновец қаласында өтеді. Қазақстан құрамасы Франция, Украина, Жапония, Польша және Литва құрамаларына қарсы алаңға шығады. 

Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан 23 хоккейші - 20 алаң ойыншысы және 3 қақпашы сынға түседі. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу