Ота жасатқан «Реалдың» жұлдызы Әлем чемпионатына қатыса алмайды
Мадридтің «Реал» клубы мен Бразилия ұлттық құрамасының қорғаушысы Эдер Милитао 2026 жылы АҚШ, Мексика және Канадада өтетін футболдан әлем чемпионатына қатыса алмайды.
REUTERS/Susana Vera
28 жастағы футболшы Финляндияда ота жасатты. Дәрігерлердің шешіміне сәйкес, оның қалпына келу мерзімі шамамен 5 айды құрайды. Осыған байланысты Милитао маусымның қалған бөлігін және әлем чемпионатын өткізіп алады.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, футболшының сол аяқтың артқы сан бұлшықетінде ауыр жарақат анықталған. Алғашында бұл жай зақым деп бағаланғанымен, кейін оның қаупті екені белгілі болды. Осы себепті ойыншы операцияға келісім берген. Ота 28 сәуірдің кешінде жасалды. Ал оның алаңға оралуы қазан айына жоспарланып отыр.
Футболшының қатардан шығуы Бразилия құрамасы үшін ауыр соққы болары анық. Оған қоса жарақат алғандар тізімі бұдан да ұзарып отыр. Родриго мен Эстевао да әлем біріншілігіне бара алмайды. Неймардың қатысуы да екіталай.
Команда әлем чемпионатында Марокко, Гаити және Шотландия құрамаларымен бір топта өнер көрсетеді.
Осылайша, Бразилия құрамасы әлем чемпионатына бірқатар негізгі ойыншыларсыз баруға мәжбүр болмақ.