Суда жүзуден Қазақстан құрамасы Саньяда қола жүлдеге қол жеткізді
Жағажайдағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына жетінші медаль түсті.
ҚР ҰОК
Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан VI Жағажайдағы Азия ойындарында су добынан Қазақстан ерлер құрамасы қола медаль иеленді.
Турнирдің шешуші кездесуінде қазақстандық ватерполшылар Оңтүстік Корея құрамасын 3:0 есебімен (4:2, 2:1, 3:2) жеңді.
Сайыс айналым жүйесі бойынша өтті. Қазақстан құрамасы бес матчтың үшеуінде жеңіске жетіп, екі ойында қарсыластарына жол берді. Атап айтқанда, отандастарымыз Таиланд пен Гонконгты тізе бүктірсе, кейін Иран мен Қытайға есе жіберді. Ал соңғы турда Оңтүстік Кореяны ұтты.
Ел намысын бұл додада Темірлан Балфанбаев, Сұлтан Шонжігітов, Мұрат Шәкенов, Эдуард Цой, Руслан Ахметов, Александр Еремин және Алдияр Әкімбай қорғады.
Айта кетейік, Жағажайдағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынында қазір жеті медаль - бір алтын, бір күміс және бес қола бар.