Сенсация. «Қайсар» «Қайратты» жеңіп, Қазақстан Кубогының ширек финалына шықты
Ел чемпиондары қызылордалық клубтан 2:1 есебімен жеңілді.
"Қайсар" ФК
Қызылорданың «Қайсар» клубы Қазақстан Кубогының 1/8 финалында күтпеген нәтиже тіркеп, ел чемпионы алматылық «Қайратты» 2:1 есебімен жеңіп, жарыс жолынан тайдырды.
Кездесу өте жылдам басталды. 4-минутта айып соққысынан кейін қақпашы Шерхан Қалмұрза допты қолынан шығарып алып, оны Ерсұлтан Қалдыбеков қақпаға бағыттап, есеп ашты. Ерте голдан кейін ойын екі жақты шабуылдарға ұласты.
Екінші таймда қызылордалықтар басымдығын арттыра түсті. 61-минутта Батырхан Тәжібай дәл соққымен есепті 2:0-ге жеткізді. Матч соңында алматылықтар қарымта қайтаруға тырысып, 93-минутта Азамат Тұяқбаев бір гол соқты -2:1.
Осылайша, «Қайсар» Қазақстан Кубогының ширек финалына жолдама алып, келесі кезеңде қостанайлық «Тобылмен» кездесетін болды.