УЕФА Чемпиондар лигасы: «Арсенал» мен «Атлетико» алғашқы ойында жеңімпазды анықтай алмады

Жартылай финалдың тағдыры жауапты матчта шешіледі.

УЕФА Чемпиондар лигасы: «Арсенал» мен «Атлетико» алғашқы ойында жеңімпазды анықтай алмады championat

Мадридтегі «Метрополитано» стадионында УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалы аясында «Арсенал»-«Атлетико» арасында алғашқы ойын өтті. «Арсенал» есеп ашқанымен, алаң иелері таразы басын теңестіріп, кездесуді тең нәтижемен аяқтады - 1:1. 

Бірінші таймда екі команда да шабуылда мүмкіндіктер жасағанымен, шешуші соққы жетіспей тұрды. «Арсенал» сапында Пьеро Инкапье, Мартин Эдегор және Нони Мадуэке қауіпті сәттер ұйымдастырды. Ал «Атлетикодан» Хулиан Альварес 14-минутта әдемі дриблингтен кейін қақпаға соққы жасап, қақпашыны біраз әбігерге түсірді. 

44-минутта Виктор Дьёкереш айып алаңында ереже бұзып, пенальтиді өзі сәтті орындады. Швед шабуылшысы мүлт кетпей, «Арсеналды» алға шығарды.

Алайда үзілістен кейін алаң иелері қарқынын күшейтті. Екінші тайм басталғаннан кейін небәрі 11 минут өткенде «Атлетико» есепті теңестірді. Хулиан Альварес 11 метрлік айып добын орындап, допты қақпаның жоғарғы бұрышына дәл бағыттады. 

Одан кейін Антуан Гризманн, Адемола Лукман бастаған мадридтік клуб бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Гризманн допты бағанаға тигізсе, Лукман қақпашының қырағылығын тағы бір мәрте сынап көрді.

Матчтың соңғы минуттарында да «Атлетико» жеңіс голына біртабан жақын болды. Бірақ қосымша уақытта Науэль Молина өз мүмкіндігін пайдалана алмай, допты қақпа үстінен асырып жіберді.

Осылайша, алғашқы ойын тең аяқталып, финал жолдамасының иесі жауап матчта анықталатын болды.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу