Анна Данилина Франциядағы турнирдің ширек финалына шықты
Сен-Малода WTA 125 сериялы халықаралық турнирі өтуде.
ktf.kz
Қазақстандық теннисші Анна Данилина мен америкалық Эйжа Мухаммад Францияның Сен-Мало қаласында өтіп жатқан «Челленджер» турнирін сәтті бастады.
Жұптық сындағы алғашқы айналымда қазақстандық-америкалық дуэт Тайбэй теннисшілері И-Хсуань Чо мен Йи-Тсен Чоны екі сетте жеңді - 6:2, 6:3. Кездесу 1 сағат 8 минутқа созылды. Ойын барысында екі жұп та бірде-бір эйс жасай алмады. Данилина мен Мухаммад бір ғана қос қателікке жол берсе, қарсыластары екі рет қателесті. Сонымен қатар, жеңімпаздар сегіз мүмкіндіктің төртеуін тиімді пайдаланып, брейк-пойнттарды сәтті жүзеге асырды.
Бүгін қазақстандық-америкалық жұп 1/2 финал жолдамасы үшін ресейлік Ксения Зайцева мен Ирина Хромачёваға қарсы кортқа шығады. Ойын жергілікті уақыт бойынша 15:10-да басталады.