Шавкат Рахмонов Германияда оңалту процесін жалғастыруда

Қазақстандық спортшы Германияда мамандардың бақылауымен қалпына келу жұмыстарын жалғастырып, толық спорттық формаға қайта оралуға дайындалуда.

Шавкат Рахмонов Германияда оңалту процесін жалғастыруда instagram.com/shavkatrahkmonov94

UFC шебері Шавкат Рахмонов қазіргі уақытта Германияда оңалту курсынан өтуде. Ол Instagram парақшасында жаттығу барысынан видео жариялап, қалпына келу процесін көрсетті. Бейнежазбада Рахмонов жаттықтырушының бақылауымен «қарлығаш» жаттығуын орындауда. 
2026 жылдың басында Рахмонов жартылай орта салмақ рейтингінен шығарылды. Сол уақытта ол дивизион рейтингінде екінші тұрған еді. Бұл шешім оның ұзақ уақыт октагоннан тыс қалуымен байланысты.

2026 жылдың 31 қаңтарында Шавкат Рахмонов Қазақстанда өткен Naiza турниріне балдақпен келіп, жанкүйерлерді алаңдатқан еді. Кейіннен оның жарақаты ресми түрде расталды.

Бұған себеп спортшының бұрыннан мазалап жүрген тізе жарақатының қайта зақымдануы. Дәрігерлердің айтуынша, жарақат қайта асқынып, ұзақ мерзімді оңалтуды қажет етеді. Сондықтан оның октагонға оралуы 2026 жылдың соңы немесе 2027 жылдың басына жоспарлануда.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу