Заңғар Нұрланұлы әлемдік рейтингіде рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

Қазақстандық жас жұлдыз әлемдік рейтингте үздік сегіздікке кірді.

Заңғар Нұрланұлы әлемдік рейтингіде рекордтық көрсеткішке қол жеткізді ktf.kz

Жасөспірімдер арасында жаңартылған ITF рейтингісінде 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы 8-орынға көтерілді.

Қазақстан теннисінің жас жұлдызы бұған дейін 9-сатыда тұрған еді. Осылайша Заңғар өзінің рекордтық көрсеткішін жаңартты.

Ересектер арасында ATP рейтингісінде 1634-орында тұрған Заңғар Нұрланұлы Шымкент қаласында қос бірдей челленджер жарысында бақ сынап көрді. 

Қазақстандық теннисші енді жасөспірімдер арасында Ролан Гаррос турниріне тыңғылықты дайындалады. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу