Қазақстан құрамасының әлем чемпионатына қатысатын соңғы тізімі белгілі болды
Қазақстан құрамасы турнирдегі алғашқы ойынын 2-мамыр күні сағат 19:00-де Литваға қарсы өткізеді.
icehockey
Әлем чемпионатының бірінші дивизионының А тобындағы ойындары Польшаның Сосновец қаласында 2-8 мамыр аралығында өтеді. Бұл турнирде Қазақстан құрамасы элиталық дивизионға жолдама алу үшін Франция, Украина, Польша, Жапония және Литва құрамаларымен сынға түседі.
Қазақстан құрамасы турнирдегі алғашқы ойынын 2-мамыр күні сағат 19:00-де Литваға қарсы өткізеді. Одан кейін 3-мамырда 15:30-да Жапониямен кездессе, 5-мамыр күні 22:30-да Польшаға қарсы айдынға шығады. 7-мамырда 19:00-де Украинамен ойнап, топтық кезеңдегі соңғы матчты 8-мамыр күні 15:30-да Францияға қарсы өткізеді.
Бұл турнирде жоғары нәтиже көрсеткен екі құрама келесі маусымда әлем чемпионатының элиталық дивизионына жолдама алады.
Бүгін жарыс алдында құрамадағы соңғы өзгерістер белгілі болды. Кирилл Панюков пен Артём Королёв ұлттық команданың орналасқан жерінен кетті.
Бапкерлер штабы жариялаған толық құрам төмендегідей:
Қақпашылар:
Никита Бояркин, Андрей Шутов (екеуі де Барыс, ҚХЛ), Владислав Нурек (Горняк, Рудный).
Қорғаушылар:
Дмитрий Бреус, Самат Данияр (барлығы Барыс), Бейбарыс Оразов, Әділ Бекетаев, Кирилл Никитин (барлығы Номад), Фёдор Хорошев (Торпедо), Эдуард Михайлов (Сарыарқа), Тамирлан Гайтамиров.
Шабуылшылар:
Әлихан Әсетов, Всеволод Логвин, Әлихан Өмірбеков, Кирилл Савицкий, Семён Симонов, Аңсар Шайхмедденов, Дінмұхамед Қайыржан, (барлығы Барыс), Артур Гатиятов, Кирилл Ляпунов, Батырлан Мұратов, Роман Старченко (барлығы Номад), Аркадий Шестаков (Адмирал, ҚХЛ).