Қазақстандық спортшы көркем жүзуден Әлем кубогының қола жүлдегері атанды
20 қазақстандық спортшы көркем жүзуден Әлем кубогында сынға түсуде.
ҚР ҰОК
Қытайдың Сиань қаласында көркем жүзуден Әлем кубогының үшінші кезеңі өтуде. Жарыстың алғашқы күнінде Виктор Друзин ел қоржынына қола медаль салды. Ол жекелей сында техникалық бағдарламада 232.5350 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды.
Алтын жүлде Ұлыбритания өкілі Ранджуо Томблин еншісінде кетті - 245.6850 ұпай. Күміс жүлдені қытайлық Муе Го иеленді (245.2684).
Айта кетейік, Сианьдағы Әлем кубогы кезеңі 3 мамырға дейін жалғасады. Жарыста 21 елден 150-ге жуық спортшы сынға түседі.
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы
Insports.kz
Жазылу