Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Хоккейшілеріміз камбэк жасап, ірі жеңіске жетті.
icehockey
Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының IА дивизионындағы алғашқы матчында Литва құрамасына қарсы ойнап, 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Кездесу хоккейшілеріміз үшін сәтсіз басталды. Литва құрамасы 2-минутта Айварас Бендзиус соққан шайбаның арқасында алға шықты. Осылайша алғашқы екі кезең бойы есеп өзгермей, қазақстандықтар жеңіліп жатты.
Алайда шешуші үшінші кезеңде ойын толықтай өзгерді. 42-минутта Кирилл Савицкий есепті теңестірсе, араға бес минут салып Артур Ғатиятов Қазақстан құрамасын алға шығарды. Семён Симонов 56-минутта үшінші шайбаны соқты. Ал, 59-минутта Федор Хорошев ойынның нүктесін қойды - 4:1.
Талғат Жайлауов шәкірттерінің соңғы кезеңдегі жігерін ерекше атап өтуге болады.
Турнир кестесіне сәйкес, Қазақстан құрамасы келесі ойынын 3 мамыр күні Жапонияға қарсы өткізеді. Кейінгі матчтар Польша, Украина және Франция құрамаларына қарсы жоспарланған.
Басқа нәтижелерге келсек, жарыстың алғашқы күнінде Франция Жапонияны 4:3 есебімен жеңсе, тағы бір кездесуде Польша мен Украина өзара күш сынасады.