«Қайрат» сырт алаңда «Ертісті» ұтты

Жеңіс голын «Қайраттың» легионері салды.

«Қайрат» сырт алаңда «Ертісті» ұтты kazfootball

«Қайрат» Қазақстан Премьер-лигасының (КПЛ-2026) 8-тур матчында павлодарлық  «Ертісті» сырт алаңда жеңді. Кездесу Астанадағы «Астана Арена» стадионында өтіп, ойын 0:1 есебімен алматылықтардың пайдасына аяқталды.

Матчтағы жалғыз гол 25-минутта соғылды. Финляндиялық вингер Ойва Юккола дәл соққымен мергендік танытты.

Бірінші таймда «Қайрат» бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Екінші таймның басында павлодарлықтар таразы басын теңестіруге тырысқанымен, гол соға алмады. Кейін ойын тең өткенімен, алматылық клуб басымдықты сақтап, минималды жеңіске жетті.

Осы нәтижеден кейін «Қайрат» 18 ұпай жинап, турнирлік кестеде көш бастады. Ал «Ертіс» 6 ұпаймен 12-орында тұр.

Алдағы турда алматылықтар Қызылорданың «Қайсар» командасымен кездеседі. Бұл матч 6-мамыр күні өтеді. Ал павлодарлық «Ертіс» 9-мамыр күні Қостанайдың «Тобыл ФК» клубына қарсы ойнайды.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу