Қазақстандық клуб АПЛ чемпионы Джейми Вардиге көз тікті

Тәжірибелі шабуылшы Қазақстанға келе ме?

Қазақстандық клуб АПЛ чемпионы Джейми Вардиге көз тікті ашық дереккөзден

Қазақстан Премьер-лигасының клубтарының бірі ағылшын шабуылшысы Джейми Вардиге қызығушылық танытып отыр. Aman Vibe телеграм арнасының ақпаратына сәйкес, 39 жастағы тәжірибелі форвардты биыл чемпиондыққа таласып жатқан команда өз құрамын күшейту үшін қарастыруда.

Қазіргі уақытта Варди Италияның "Кремонезе" клубында өнер көрсетеді. Биылғы маусымда ол 25 матч өткізіп, 5 голдың авторы атанған. Жасы үлкен болса да, шабуылшы әлі де тәжірибесі мен алаңдағы тиімділігі арқылы жоғары бағаланып келеді.

Айта кетейік, ойыншының италиялық клубпен келісім-шарты осы жазда аяқталады. Бұл жағдай оны еркін агент ретінде қолжетімді етеді және трансферді жүзеге асыру мүмкіндігін арттырады.

Егер бұл трансфер іске асса, Варди Қазақстан чемпионатындағы жұлдызды ойыншылардың біріне айналуы мүмкін.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу