Заңғар Нұрланұлы Германиядағы беделді турнирді сәтті бастады

Заңғар Нұрланұлы бұл турнирде басты фавориттердің бірі саналады.

Заңғар Нұрланұлы Германиядағы беделді турнирді сәтті бастады ktf.kz

Германияның Оффенбах қаласында жасөспірімдер арасында ITF Juniors J500 суперсанатындағы дәстүрлі халықаралық турнир басталды. Әлемнің ең мықты жас теннисшілері жиналған додада Қазақстан намысын Заңғар Нұрланұлы қорғауда.

Жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингінде 8-орында тұрған және жарыста бірінші нөмірмен тіркелген Заңғар турнирді сенімді бастады. Ол алғашқы айналымда аргентиналық Томас Ремен (ITF Juniors рейтингінде 149-орында) кездесіп, 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Енді екінші кезеңде қазақстандық теннисші чехиялық Якуб Шмейцкимен кортқа шығады. Қарсыласы қазіргі таңда ITF Juniors рейтингінде 267-орында тұр.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу