Әсем Орынбай Әлем кубогының финалына жолдама алды

Финалдық бәсеке бүгін өтеді.

Әсем Орынбай Әлем кубогының финалына жолдама алды ашық дереккөзден

Алматы облысында өтіп жатқан стенд атудан Әлем кубогы аясында «скит» дисциплинасы бойынша іріктеу кезеңдері өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасының көшбасшысы Әсем Орынбай сәтті өнер көрсетіп, жарыстың финалына шықты.

Іріктеу нәтижесі бойынша отандасымыз 118 ұпай жинап, турнирдің үздік сегіз мергенінің қатарына енді. Бұл көрсеткіш оның жоғары деңгейдегі дайындығын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Биылғы Әлем кубогы кезеңіне әлемнің түкпір-түкпірінен 500-ден астам мерген жиналған. Қазақстан құрамасы сапында 20 спортшы ел намысын қорғауда.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу