Несебырден Римге дейін: Елордалық велошабандоздар Джиро д’Италияда бақ сынайды

Биылғы Джироның жалпы ұзақтығы 3467 шақырымды құрайды.

Несебырден Римге дейін: Елордалық велошабандоздар Джиро д’Италияда бақ сынайды

Биыл 109-шы мәрте ұйымдастырылатын беделді велокөпкүндік - Джиро д’Италия 2026 8-мамыр күні Несебыр қаласында бастау алады. Ауқымды додаға әлемнің жетекші 23 командасы қатысады. Олардың қатарында UCI Әлемдік турының 18 ұжымы автоматты түрде жолдама алса, қалған орындар арнайы шақырту арқылы бөлінді. Ұйымдастырушы RCS Sport үш проконтиненталдық команданы - Unibet Rose Rockets, Polti VisitMalta және Bardiani CSF 7 Saber жарысқа қатысуға шақырды. 

Сонымен қатар, UCI рейтингіндегі жоғары көрсеткіштерінің арқасында Tudor Pro Cycling және Q36.5 Pro Cycling Team командалары Гранд-турға қатысу құқығына ие болды.

Қазақстандық жанкүйерлер үшін басты назар XDS Astana Team командасында. Команда сапында Давиде Баллерини, Альберто Беттиоль, Арьен Ливинс, Харольд Мартин Лопес, Маттео Малучелли, Кристиан Скарони, Томас Сильва және Диего Улисси өнер көрсетеді.

Биылғы Джироның жалпы ұзақтығы 3467 шақырымды құрайды. Жарыс барысында үш демалыс күні қарастырылған. Алғашқысы 11-мамырда. Дәл осы күні пелотон Италия аумағына қайта оралады. Екінші демалыс күні 18-мамырға жоспарланған және ол 10-кезеңдегі жекелей жарыс алдында өтеді. Үшінші демалыс күні 25-мамырда Милан қаласындағы кезеңнен кейін белгіленген.

Жарыс дәстүрлі түрде «достық кезеңімен» аяқталады. Қорытынды кезең 31 мамыр күні Римде өтіп, жеңімпаз анықталады. Осылайша, Джиро д’Италия-2026 бағыты мен қатысушылар құрамы жағынан ерекше маусым болғалы отыр. Қара теңіз жағалауынан басталатын жарыс 31 мамырда Рим қаласында мәресіне жетеді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу