Арина Соболенко Roland Garros турниріне бойкот жариялауы мүмкін

Турнирде өнер көрсететін бірқатар теннисшілердің жүлде қорына көңілі толмайтындары белгілі болды.

Арина Соболенко Roland Garros турниріне бойкот жариялауы мүмкін ашық дереккөзден

Әлемнің бірінші ракеткасы, беларусь теннисшісі Арина Соболенко ірі турнирлердегі жүлде қорының бөлінуіне қатысты өз пікірін білдіріп, кәсіби теннисшілер бойкот жариялауы мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, бұл спортшылардың құқықтарын қорғаудың жалғыз жолына айналуы ықтимал.

3 мамыр күні әлемнің үздік 20 теннисшісі бірлескен мәлімдеме жасап, маусымдағы екінші «Үлкен дулыға» турнирі - Roland Garros ұйымдастырушыларын сынға алды. Олар жүлде қорының жеткілікті деңгейде артпағанына наразылық білдірді. Бұл бастаманы ерлер мен әйелдер рейтингінің көшбасшылары Янник Синнер мен Арина Соболенко да қолдады.

Соболенко баспасөз мәслихатында:

«Бізсіз турнир де, көрерменге арналған шоу да болмайды. Сондықтан еңбегіміз лайықты бағалануы керек. Мүмкін, бір сәтте бойкот жариялауға тура келер. Бұл өз құқығымызды қорғаудың жалғыз жолы болуы ықтимал», - деп мәлімдеді.

Биыл Roland Garros турнирінің жалпы жүлде қоры шамамен 72 миллион долларды құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға артық болғанымен, спортшылар бұл өсімді жеткіліксіз деп санайды.

Айта кеетйік Арина Соболенко - WTA турлары аясында өткен 24 турнирдің жеңімпазы. Ол жекелей сында екі рет Australian Open мен US Open жарыстарында топ жарған.

Сарапшылардың пікірінше, көшбасшы теннисшілер бойкотқа барса, бұл әлемдік теннис жүйесіне үлкен өзгерістер әкелуі мүмкін.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу