Қазақстан Польшаға қарсы камбэк жасап, әлем чемпионатында үшінші жеңісіне қол жеткізді

Құрамамыз өз тобында жеке-дара көш бастады.

Қазақстан Польшаға қарсы камбэк жасап, әлем чемпионатында үшінші жеңісіне қол жеткізді icehockey

Хоккейден әлем чемпионатының IA дивизионының үшінші турында Қазақстан құрамасы Польша командасын 3:2 есебімен жеңіп, турнирдегі жеңісті сериясын жалғастырды.

Ойынның алғашқы минутында-ақ польшалық шабуылшы Вронка есеп ашып, қарсыластар алға шықты. Бірінші және екінші кезеңдерде қазақстандық хоккейшілер есепті теңестіре алмады.

Алайда шешуші үшінші кезеңде ұлттық құрама мінез көрсетті. 48-минутта Батырлан Мұратов таразы басын теңестірсе, ойынның аяқталуына санаулы минуттар қалғанда Семен Симонов алға шығарды. Артынша Кирилл Савицкий басымдықты еселей түсті. Польша құрамасы соңғы секундтарда тағы бір шайба соққанымен, матч тағдырын өзгерте алмады.

Осылайша, Қазақстан құрамасы қатарынан үшінші жеңісіне жетіп, турнир кестесінде жеке-дара көш бастады. Бұған дейін біздің команда Литваны 4:1, Жапонияны 6:0 есебімен жеңген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, әлем чемпионатының бұл дивизионында үздік екі команда элиталық топқа жолдама алады. Қазақстан құрамасын алда Украина және Франция командаларына қарсы маңызды кездесулер күтіп тұр.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу