Заңғар Нұрланұлы Германиядағы турнирдің үшінші айналымына шықты

Заңғар Нұрланұлы бұл турнирде басты фавориттердің бірі саналады.

Заңғар Нұрланұлы Германиядағы турнирдің үшінші айналымына шықты ашық дереккөзден

Германияның Оффенбах қаласында ITF Juniors J500 санатындағы беделді турнир жалғасуда.

Әлемдік жасөспірімдер рейтингінде 7-орында тұрған және жарыста бірінші нөмірмен тіркелген қазақстандық теннисші чехиялық Якуб Шмейцкиді (ITF Juniors рейтингінде 267-орын) 6:2, 6:1 есебімен жеңді.

Ширек финалға жолдама алу үшін Заңғар Нұрланұлы латвиялық Рихардс Нейманиске (ITF Juniors рейтингінде 50-орын) қарсы ойнайды. Кездесу 7-мамыр күні орталық кортта өтеді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу