Ерасыл Сәулебеков – жастар арасындағы әлем чемпионы
Аталған әлем чемпионатында қазақстандық зілтеміршілер 1 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте жоғары нәтиже көрсетті.
Қазақстан ауыр атлетика федерациясы
Мысырдың Исмаилия қаласында өткен ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионаты қазақстандық спортшылар үшін табысты аяқталды. Әсіресе, 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Ерасыл Сәулебеков ел намысын абыроймен қорғап, әлем чемпионы атанды.
Жарыс барысында Сәулебеков «серпе көтеру» жаттығуында 199 келіні бағындырып, алтын медаль иеленді.
Сонымен қатар, қос сайыс қорытындысы бойынша 356 келі нәтижемен күміс жүлдегер атанды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ерсеит Бейбарыс жұлқа көтеруде әлем рекордын орнатса, Әскербай Әлихан 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алған болатын.