Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының элиталық дивизионына жолдама алды

Құрамамыз әлем чемпионатының алтын жүлдесін мерзімінен бұрын иеленді.

Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының элиталық дивизионына жолдама алды

Әлем чемпионатының IA дивизионындағы төртінші матчта Қазақстан құрамасы Украинамен кездесіп, буллит сериясында жеңіске жетті.

Кездесудегі есепті алғаш болып Всеволод Логвин ашты. Екінші кезеңнің басында Украина тарапы таразы басын теңестірді. Алайда Кирилл Ляпунов пен Роман Старченко соққан шайбалар Қазақстанды алға шығарды.

Үшінші кезеңнің ортасына қарай украиналық хоккейшілер есепте 4:3 болып алға шықты. Бірақ Батырлан Мұратов маңызды сәтте мергендік танытып, таразы басын теңестірді. Буллиттер сериясында да дәл осы Батырлан Мұратов гол салып, ұлттық құрамаға аса маңызды жеңіс сыйлады.

Осы матчтан кейін Қазақстан құрамасының еншісінде 11 ұпай бар. Команда турнир кестесінде көш бастап, әлем чемпионатының элиталық дивизионына мерзімінен бұрын жолдама алды.

Бас бапкер Талғат Жайлауов шәкірттері жоғары деңгейдегі тұрақты ойын өрнегін көрсетіп, турнирдегі басты мақсатты орындады.

Қазіргі таңда Украина құрамасы 7 ұпаймен үшінші орында келеді.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы соңғы матчын ертең, 8 мамыр күні Францияға қарсы өткізеді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу