Баку қаласында өткен халықаралық турнирде Қазақстан боксшылары үздік үштікке енді

Қазақстандық Алиимран Әлиев турнирдің үздік боксшысы атанды.

Баку қаласында өткен халықаралық турнирде Қазақстан боксшылары үздік үштікке енді boxingkazakhstan

Баку қаласында өткен 17 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы “HEYDAR ALIYEV CUP” халықаралық турнирі мәресіне жетті. Бұл жарысқа 7 елден 200-ге жуық спортшы қатысып, жас боксшылар жоғары деңгейде өнер көрсетті.

Қазақстан құрамасы турнирде табысты нәтиже көрсетіп, жалпы командалық есепте үшінші орынға ие болды.

Қыздар арасындағы жарыста Шұғыла Сламжан (57 кг) алтын жүлде жеңіп алды. Дана Оразбекқызы (46 кг) мен Ақерке Далабай (66 кг) күміс медаль иеленді.

Ерлер арасында Алиимран Әлиев (70 кг) пен Рамазан Казнабай (+80 кг) чемпион атанды. Мереке Ерліхан (70 кг), Әділет Абдуллаев (75 кг) және Нұрсұлтан Кемелхан (+80 кг) күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал Әлихан Сатыбаев (52 кг), Бақдәулет Құралбай (54 кг), Әлихан Аскаров (57 кг), Досжан Таңсық (57 кг), Нұрбақыт Төрегелді (63 кг), Әлібек Мұрат (66 кг) және Әлішер Құрбанқожаұлы (75 кг) қола медаль иегері атанды.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу