Еуропа лигасы мен Конференция лигасының финалистері анықталды
Финалдық матчтар мамыр айының соңына жоспарланған.
ашық дереккөзден
Еуропа лигасының жартылай финалында Англияның "Астон Вилла" клубы өз алаңында "Ноттингем Форест" командасын 4:0 есебімен жеңді. Алғашқы кездесуде 0:1 есебімен жеңілген Унаи Эмеридің шәкірттері қарымта матчта камбэк жасап, финалға жолдама алды. Осылайша бас бапкер Унаи Эмери мансабында алтыншы рет Еуропа лигасының финалына шықты.
Екінші жартылай финалда Германияның "Фрайбург" клубы Португалияның "Брага" командасын 3:1 есебімен жеңіп, қос матч қорытындысында финалға өтті.
Ал Конференция лигасында Англияның "Кристал Пэлас" клубы Украинаның "Шахтер" командасын 3:1 есебімен тізе бүктіріп, финалға шықты. Испанияның "Райо Вальекано" клубы сырт алаңда Францияның "Страсбур" командасын 1:0 есебімен жеңіп, шешуші матчқа жолдама алды.
Еуропа лигасының финалы 20 мамыр күні Стамбул қаласында өтеді. Ал Конференция лигасының шешуші кездесуі 27 мамырда Лейпциг қаласында ұйымдастырылады.