Талғат Орынбасар Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің финалына шықты

Бүгін елорда төрінде Qazaqstan Barysy Grand Slam 2026 турнирі басталды.

Талғат Орынбасар Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің финалына шықты Judo team

Астанада өтіп жатқан дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam 2026 турнирінде қазақстандық Талғат Орынбасар тамаша нәтиже көрсетіп, финалға жолдама алды.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен отандасымыз жартылай финалда Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Тайбэй өкілі Янг Юнг-Вэймен татамиге шықты. Тартысты өткен кездесуде Талғат Орынбасар қарсыласынан басым түсіп, жарыстың шешуші кезеңіне өтті.

Енді қазақстандық дзюдошы алтын медаль үшін Моңғолия өкілі Сухбат Бямбасуренді жеңген спортшымен кездеседі. Финал Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады.

Айта кетейік, Qazaqstan Barysy Grand Slam 2026 турнирі 8-10 мамыр аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатыр. Байрақты бәсекеге әлемнің 36 елінен 300-ге жуық дзюдошы қатысуда.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу