Үш қазақстандық гимнаст Challenge Cup халықаралық турнирінің финалына шықты

Бүгін жарыстың екінші іріктеу күні жалғасады.

Үш қазақстандық гимнаст Challenge Cup халықаралық турнирінің финалына шықты ашық дереккөзден

Болгарияның Варна қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup халықаралық турнирі басталды. Алғашқы жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының үш өкілі финалдық кезеңге жолдама алды.

Ат снарядындағы жаттығуда Зейнолла Идрисов сәтті өнер көрсетіп, іріктеуді екінші нәтижемен аяқтады. Осы бағдарламада Роман Хегай да үздіктер қатарына еніп, жетінші орынмен финалға өтті.

Ал сақинадағы жаттығуда Нуртан Идрисов шешуші кезеңге жолдама иеленді. Қазақстандық гимнаст іріктеу қорытындысында алтыншы нәтиже көрсетті.

Байрақты бәсеке Варна қаласындағы «Palace of Culture and Sports» кешенінде ұйымдастырылуда. Турнирге әлемнің түкпір-түкпірінен 200-ден астам гимнаст қатысып, Олимпиада рейтингіне маңызды ұпайлар сарапқа салынады.  

Жарыс бағдарламасына ерлер мен әйелдер арасындағы жарыстар енгізілген. Алғашқы екі күнде іріктеу кезеңдері өтсе, 9-10 мамырда финалдық сайыстар ұйымдастырылады.  

Айта кетейік, Varna Challenge Cup - FIG World Challenge Cup сериясындағы маусымның алғашқы кезеңдерінің бірі саналады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу